Колледждің миссиясы – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өз мамандығын жетік меңгерген, әлемдік стандарт деңгейінде тиімді жұмыс істеуге қабілетті, тиісті деңгей мен бейінді білікті де құзыретті мамандарды дайындау.
ШЖҚ «Талдықорған жоғары медицина колледжі» МКК
Колледждің миссиясы – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өз мамандығын жетік меңгерген, әлемдік стандарт деңгейінде тиімді жұмыс істеуге қабілетті, тиісті деңгей мен бейінді білікті де құзыретті мамандарды дайындау.
AA+
ШЖҚ «Талдықорған жоғары медицина колледжі» МКК
Мекен жайы:
Казахстан, 111200, Костанайская обл. г.Лисаковск
Жұмыс кестесі:
08:00 ден 18;00
Телефон:
8(7282)22-09-59
Кіру
Тіркелу

Оқу - материалдық база

Колледжде 7 мамандық бойынша білімгерлерді кәсіби даярлауды жүзеге асыру үшін дамыған материалдық - техникалық база бар. Колледждің материалдық - техникалық базасына: дәріс залдары, оқу бөлмелері, зертханалар, жатақхана, кітапхана, ақпараттық технологиялық құралдары, клиникалық базалар яғни, оған Талдықорған қаласы мен Жетісу облысының жетекші емдеу сауықтыру мекемелері кіреді.

Колледж жер учаскесінің жалпы ауданы 1,9676 га құрайды, оның ішінде бас корпустың жалпы ауданы 7870 ш. м., оқу алаңы 2136,4 ш. м, оқу - клиникалық корпус №2 жалпы ауданы - 5 239 ш. м.

Колледж базасына мыналар кіреді: әкімшілік аппарат, әдістемелік кабинет, компьютерлік сыныптар - 3, дәріс аудиториялары саны - 23, лингафон кабинеті, актілік, спорттық залдар, тәжірибелік кабинеттер - 60, кітапхана, мұражай, симуляциялық орталық, асхана. Жеке спорт кешені, жазғы спорт алаңдары бар: мини - футбол, баскетбол ойындары үшін алаң.

Колледждің оқу ғимараттарының бүкіл аумағы қоршалған. Колледж аумағында және жатақханалардың периметрі бойынша 31 сандық және 4 аналогтық камера орнатылған. Бас және оқу клиникалық корпустың кабинетерінің барлығы камералармен жабдықталған.Барлық камералар бір орталыққа біріктірілген, жазу автоматты түрде жасалады және ұзақ уақыт сақталады.

Аудитория. Оқу кабинеттері материалдық - техникалық жабдықтармен, жиһаздармен қамтамасыз етілген, эстетикалық безендірілген, еңбек гигиенасы мен қауіпсіздік техникасының барлық талаптарына жауап береді. Барлық кабинеттерде жабдықталу табелі, кабинет паспорты, практикалық дағдылар бойынша стандарттар, қолданыстағы бұйрықтар мен Санпиндер, жұмыс жоспарлары, оқу - әдістемелік материалдар, оқу - көрнекі құралдар, студенттерге арналған силлабустар, бақылау материалдары бар.

Дәріс кабинеттері аудиовизуалды, мультимедиялық құралдармен (интерактивті тақта, проектор, ноутбук, теледидар, моноблок, кең жолақты интернет), үлестірме материалдармен, нормативтік құжаттармен ( "Тіл туралы" заң, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексі), кабинеттің стендтік материалдарымен, өртке қарсы өрт сөндіргіш, алғашқы медициналық көмек қобдишасы жабдықты есепке алу, сақтау журналы және санитарлық - гигиеналық талаптарды сақтау үшін әр кабинетте санитайзер мен кварц шамы бар.

Колледжде жалпы білім беретін кабинеттер саны - 23, арнайы пәндер бойынша - 60, зертханалар - 2, симуляциялық орталықта - 15. Кабинеттер мен зертханалардың жабдықталуы 88,3% құрайды. Практикалық дағдыларды қалыптастыру үшін оқу кабинеттері: "Пироговтың" интерактивті анатомиялық тақташасымен, "Боткин" терапевтік бейіндегі пациентті тексеру алгоритмін пысықтауға арналған интерактивті бағдарламалық - аппараттық кешенмен, "Академикс 3D" виртуалдық пациент интерактивті қосымшасымен, Симулятор VR виртуалдық шыншылдық оқудағы инновациялық тәсіл тірегімен, инъекциялар жүргізуді, стомаларды күтуді, клизмалар қоюды, асқазанды жууды, пациенттің жеке гигиенасын жүргізуді, қуықты катетеризациялауды, тігістер салуды, пысықтауға арналған фантомдармен жабдықталған, шиналар, жараларды өңдеуге арналған тренажер, реанимациялық іс - шаралар жүргізу, тыныс алу жолдарынан бөгде денені алып тастау, аускультативті тренажер, акушерлік имитаторлар,электронды микроскоптар, метеометр, заманауи Шу өлшегіштер, люксметрлер, термостат, фотоколориметрлер, эксикаторлар, ареометрлер, центрифугалар, муфель пештері, стоматологиялық қондырғылар, құрғақ пеш, сорғыш шкаф, медициналық құралдар, зертханалық ыдыстар, науалар, зарарсыздандыру қораптары, күтім заттары, теріні және шырышты қабаттарды күтудің инновациялық құралдары, роликтер, тасымалдау құралдары (роликтер, зембілдер), зығыр маталар, дәрілік заттармен, дезинфекциялау құралдарымен толығымен жабдықталған. Сабақтарда қан қысымын, пульсті, ЭКГ - ны өлшеуге арналған аппараттар, глюкометрлер, медициналық таразылар, бой өлшегіштер, құрғақ пеш, УФО, ауаның физикалық қасиеттерін бағалауға арналған аспаптар, жаңа туған нәрестелерге арналған кувездер, функционалды кереуеттер, аспаптық үстелдер, акушерлік креслолар, медициналық шкафтар, ауыстыратын үстелдер, штативтер, бикс пайдаланылады.

Талдықорған жоғары медициналық колледжінің базасында 2014 жылы қыркүйекте аймақтық симуляциялық орталық ашылды, жалпы ауданы 180 ш. м. орталықта 15 оқу кабинеті жұмыс істейді, тренажерлер, манекендер, муляждармен жабдықталған. Дені сау бала кабинеті, баланы тамақтандыру кабинеті БШЫЖ бағдарламасы бойынша, шағын операциялық бөлме,акушерия,терапия,хирургия,дәріс,дебрифинг кабинеттері бар және қабылдау бөлімі 3Н - жүйемен жасалған. Білім алушылар оқу кестесіне сәйкес симуляциялық орталығында практикалық дағдыларды меңгереді.

Зертханалар. Оқу - білім беру зертханалары клиникалық оқу корпусының 3 - ші қабаттында орналасқан. Зертханалардың жалпы ауданы 108 шаршы метрді құрайды: микробиологиялық зерттеу техникасымен, санитарлық - гигиеналық зерттеу техникасымен, клиникалық - зертханалық зерттеу әдістері, бейорганикалық, органикалық, аналитикалық және фармацевтикалық химия, гистологиялық зерттеу зертханалары бар. Сондай - ақ практикалық сабақтар қаланың медициналық ұйымдарында арнайы жабдықталған зертханаларда өтеді, Жетісу облысының санитарлық – гигиеналық және бактериологиялық зертханасының базасында және қалалық емхананың, облыстық аурухананың, қалалық көпсалалы аурухананың клиникалық - диагностикалық зертханаларында оқу кабинеттері бөлінген.

Студенттер мен қызметкерлердің жеке және физикалық дамуы үшін колледжде жеткілікті жағдайлар жасалған: 100 орындық актовый залы, 2 гардероб бөлмесі және спорт залы (520 м2), үстел ойындарымен айналысуға арналған бөлме, спорт алаңы (100х60 м), онда: баскетбол алаңы (15х24 м), шағын футболға арналған алаң (20х40м), жеңіл атлетикамен айналысуға арналған алаң. Колледж студенттері спорт секциялары мен үйірмелерге қатысады: волейбол, баскетбол, мини - футбол, тогыз - кумалак, туризм, үстел теннисі, шашка және шахматтар. Жыл сайын колледждің құрама командалары аймақтық дене шынықтыру және спорт басқармасы өткізетін командалық спорттық жарыстарда жүлделі орындарға ие болады. Сондай - ақ, жыл сайын колледж оқытушылары мен қызметкерлері қала мен облыстың емдеу - алдын алу мекемелері арасындағы спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болады.

Колледжде интернетке шығатын 80 орындық компьютерлік сыныптар бар, онда компьютерлік сауаттылыққа оқыту және студенттерді тестілеу жүргізіледі. Колледж кітапханасында 35 орындық оқу залы, 20 компьютерге арналған интернет - зал бар.

Колледждің IT - технологиялары мен инфрақұрылымын жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Интернет желісінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілді, жергілікті компьютерлік жүйе, You Tube арнасы арқылы бейне сабақтарды тарату жүйесі құрылды, "Platonus"енгізілді. Соңғы жылдары компьютерлік техника жаңартылды, компьютерлік сыныптар жаңғыртылды, колледж сайты жетілдірілуде.