Колледждің миссиясы – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өз мамандығын жетік меңгерген, әлемдік стандарт деңгейінде тиімді жұмыс істеуге қабілетті, тиісті деңгей мен бейінді білікті де құзыретті мамандарды дайындау.
ШЖҚ «Талдықорған жоғары медицина колледжі» МКК
Колледждің миссиясы – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өз мамандығын жетік меңгерген, әлемдік стандарт деңгейінде тиімді жұмыс істеуге қабілетті, тиісті деңгей мен бейінді білікті де құзыретті мамандарды дайындау.
AA+
ШЖҚ «Талдықорған жоғары медицина колледжі» МКК
Мекен жайы:
Казахстан, 111200, Костанайская обл. г.Лисаковск
Жұмыс кестесі:
08:00 ден 18;00
Телефон:
8(7282)22-09-59
Кіру
Тіркелу

Құрметті әріптестер!

 «Орта буынды медициналық және фармацевтикалық мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бөлімі»  өңіріміздегі  орта буынды  медициналық және фармациялық білімі бар медицина қызметкерлеріне қосымша кәсіби білім беру саласындағы сұрақтарды тиімді шешіп келеді.

Қосымша білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты- денсаулық сақтау жүйесінде заманауи әдіс-тәсілдерді меңгерген, жоғары білікті кәсіби мамандармен қамтамасыз ету. 

Орта буынды медициналық және фармацевтикалық мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бөлімінің басты бағыттары:

  • Медициналық және фармацевтикалық мамандардың біркелкі ақпараттық және ғылыми-әдістемелік кеңістікте үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыру;
  • Білім беру үрдісінде ақпараттық тәжірибеге бағытталған (симмуляциялық) технологияларды ендіру және пайдалану;
  • Мекемеде ақпараттық-коммуникациялық ортаны дамыту.

Оқу үрдісінің тиімділігін арттыру

 Оқу үрдісінің тиімділігін арттыру жаңа құралдар мен оқытудың әдістерін қолдану арқылы, колледждің материалдық-техникалық базасы мен зертханаларын қолдану арқылы, кәсіби-тренингтер, іскерлік ойындар, нақты жағдайлардың талдауын қолдану арқылы іске асырылады.  Тыңдаушылар үшін тәжірибелік сабақтар облыстың үздік медициналық мекемелерінде өткізіледі. Біліктілікті жетілдіру сапасын арттырудың маңызды аспектісі - теориялық білімді тәжірибеде бекітулеріне мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда  колледждің тәжірибелі жоғары санатты оқытушылары мен  облыстың денсаулық сақтау саласының мамандары бөлімнің тыңдаушыларына сабақ беруде.

 

Медицина қызметкерінің біліктілікті жетілдіргеннен

кейінгі қол  жеткізетін жетістіктері

  • Медицина қызметкері оқу курсы аяқталғаннан кейін біліктілігін арттырғаны туралы куәлік алады.
  • Кәсібі бойынша іс-тәжірибені жинақтайды.
  • Медицина саласындағы жаңа тың деректермен танысып, кәсібіне қызуғушылығы артады.
  • Кәсіптік жағынан қаруланып,   кәсіби құзыреттілігі артады.
  • Ұйымдастырушылық , қарым-қатынастық («пациент-медицина қызметкері», «дәрігер-орта буынды медицина қызметкері», «әріптестер») жүйелеріндегі қарым-қатынас мәселелерін шеше алатын болады.

Арнайы ұсыныстар:
— маман біліктілігін жетілдіру үшін жұмыстан толық босаттылуы мүмкін;
—жұмысынан жартылай босатылуы мүмкін;
— медицина мекемелерінің тапсырыстарын ескере отырып, көшпелі оралымдар да ұйымдастырылады;

— қысқа мерзімді семинарлар мен тренингтер  өткіземіз.

Оқу курсы аяқталғанан кейін тыңдаушыларға біліктілігін жетілдіргені туралы сертификат беріледі.

Оқу ақысы тапсырыс берушінің сұранысына қарай келісім шартқа отырылады, бөліп төлеу қарастырылған.

Сіздерге ыңғайлы мерзімге, сіз қалаған оқу түрін таңдап, ыңғайлы  төлем түрін қарастырамыз. Өз әріптестерімізді силап, бірлесе жұмыс жасауға дайынбыз.

 Байланыс деректері

Колледж мекен-жайы: Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров  көшесі 228.

Байланыс телефоны: 8(7282) 22-02-81

8(7282) 22-43-34

Электронды мекен-жайы:  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Атауы Жүктеу
1 ПК 2024