ҚР Оқу-ағарту министрінің 13.07.2023 № 205
Жалпы ережелер
- Осы білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 103) тармақшасынажәне "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының жатақханаларында орын бөлу тәртібін айқындайды.
- Қағидалар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы (бұдан әрі – ТКОБКБ ұйымдары) меншік құқығына тиесілі немесе өзге заңдық негізде ұйымдардың иелігінде тұрған жатақханалардағы орындарды бөлу тәртібін айқындайды.
ТКОБКБ ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беруді ТКОБКБ ұйымдары конкурстық негізде орындарды бөлу қорытындылары бойынша арнайы құрылған комиссия жүзеге асырады.
Жатақханаларда бос орындардың болуы туралы мәліметтер ТКОБКБ ұйымдарының ресми сайттарында орналастырылады.