Колледждің миссиясы – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өз мамандығын жетік меңгерген, әлемдік стандарт деңгейінде тиімді жұмыс істеуге қабілетті, тиісті деңгей мен бейінді білікті де құзыретті мамандарды дайындау.
ШЖҚ «Талдықорған жоғары медицина колледжі» МКК
Колледждің миссиясы – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өз мамандығын жетік меңгерген, әлемдік стандарт деңгейінде тиімді жұмыс істеуге қабілетті, тиісті деңгей мен бейінді білікті де құзыретті мамандарды дайындау.
AA+
ШЖҚ «Талдықорған жоғары медицина колледжі» МКК
Мекен жайы:
Казахстан, 111200, Костанайская обл. г.Лисаковск
Жұмыс кестесі:
08:00 ден 18;00
Телефон:
8(7282)22-09-59
Кіру
Тіркелу

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2020 № ҚР ДСМ-180/2020

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. "Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште беру көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгіну арқылы не көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуы негізінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық форматта жүргізіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) оқу бағдарламасын толық меңгерген сәттен бастап, біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өту туралы құжатты беру – біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарының ұзақтығына қарамастан оқу аяқталғаннан кейін 1 (бір) күн;

      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аса;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – "Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін, сондай-ақ қосымша Медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығынасәйкес құжаттар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген) 2010 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 2 жарияланған,):

      1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта даярлау жөніндегі құжаттар: денсаулық сақтау саласының кадрларын қайта даярлау туралы куәлік;

      2) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілігін арттырудан өткені туралы: біліктілігін арттыру туралы куәлік;

  1. Мемлекеттік қызмет - жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

      2) "электрондық үкімет" веб-порталы - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

  1. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге: тікелей жүгінген кезде сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;;

      2) "электрондық үкімет" веб-порталына: электрондық сұрау салу.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

  1. Көрсетілетінқызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.