Колледждің миссиясы – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өз мамандығын жетік меңгерген, әлемдік стандарт деңгейінде тиімді жұмыс істеуге қабілетті, тиісті деңгей мен бейінді білікті де құзыретті мамандарды дайындау.
ШЖҚ «Талдықорған жоғары медицина колледжі» МКК
Колледждің миссиясы – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өз мамандығын жетік меңгерген, әлемдік стандарт деңгейінде тиімді жұмыс істеуге қабілетті, тиісті деңгей мен бейінді білікті де құзыретті мамандарды дайындау.
AA+
ШЖҚ «Талдықорған жоғары медицина колледжі» МКК
Мекен жайы:
Казахстан, 111200, Костанайская обл. г.Лисаковск
Жұмыс кестесі:
08:00 ден 18;00
Телефон:
8(7282)22-09-59
Кіру
Тіркелу

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі
 2023 жылғы 3 сәуірдегі
№ 82 бұйрығы

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Мемлекеттікқызметкөрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну тәртібін айқындайды.
  2. "Техникалықжәне кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
  3. Мемлекеттікқызмет жекелеген санаттарға жататын жеке тұлғаларға, сондай – ақ қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және (немесе) олардың ата-аналарына, заңды өкілдеріне (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  4. Тегіныстық тамақ алуға құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттарына жататын адамдар "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысында айқындалған.