Колледждің миссиясы – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өз мамандығын жетік меңгерген, әлемдік стандарт деңгейінде тиімді жұмыс істеуге қабілетті, тиісті деңгей мен бейінді білікті де құзыретті мамандарды дайындау.
ШЖҚ «Талдықорған жоғары медицина колледжі» МКК
Колледждің миссиясы – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өз мамандығын жетік меңгерген, әлемдік стандарт деңгейінде тиімді жұмыс істеуге қабілетті, тиісті деңгей мен бейінді білікті де құзыретті мамандарды дайындау.
AA+
ШЖҚ «Талдықорған жоғары медицина колледжі» МКК
Мекен жайы:
Казахстан, 111200, Костанайская обл. г.Лисаковск
Жұмыс кестесі:
08:00 ден 18;00
Телефон:
8(7282)22-09-59
Кіру
Тіркелу

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі
 2022
жылғы 05 шілдедегі  № 311 бұйрығы

Жалпы ережелер

1 Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру ұйымдарына жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалар қабылданады.

ТжКОББ ұйымдарында оқуға адамдардың өтініштерін қабылдау, әңгімелесуді өткізу, білім алушылар құрамына қабылдау үшін басшының бұйрығымен 10 маусымнан кешіктірмей тақ саннан тұратын қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына Қамқоршылық кеңесінің (ол болмаған жағдайда – жұмыс берушілердің өкілдері), қоғамдық ұйымдардың және білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді.

Тұлғалардың ТжКОББ ұйымдарында оқуға өтініштерін қабылдау:

1) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарына, қылмыстық – атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;

Орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына: мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 18 тамызы аралығында, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 тамызы аралығында, ақылы негізде 25 маусымы мен 25 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша -күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында, педагогикалық мамандықтар бойынша - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 15 тамызы аралығында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ТжКОББ-ның білім беру ұйымына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) не "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі - портал) жүгінеді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізіліміне (бұдан әрі - Тізбе) сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.

Оқуға түсу үшін құжаттарды кәмелетке толған адамдар жеке өзі, кәмелетке толмағандар – заңды өкілінің қатысуымен ұсынады.