Мақсаты: Білім беру үдерісіндегі қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету, білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және өзінің эмоциясы мен сезімдерін басқара алатын, рухани бай орта буынды медицина қызметкерлерін жетілдіру.
Міндеттері:
-
Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
-
Білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
-
Білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
-
Психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
-
Психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
-
Психологиялық мәселелерді шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;
-
Білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру;
-
Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналар (заңды өкілдіктер) арасында психологиялық мәдениетті қалыптастыру;
-
Күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайдағы педагогтарға, білім алушыларға, тәрбиеленушілерге психологиялық көмек және қолдау көрсетуді жүзеге асыру;
-
Білім беру ұйымдарының әлеуметтік саласын үйлестіруді қалыптастыру және әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
-
Психологиялық қызметтің жұмысын жақсарту мәселесі бойынша білім беру органдарына ұсыныс білдіру.
Психодиагностика - Тұлғаның жекелей және жастық ерекшеліктерін және тұлға аралық қарым-қатынасын зерделеу. Оқушылардың тұлғалық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың танымдық мүмкіндіктері мен бейімдіктерінің даму деңгейін анықтау.
Психопрофилактика – қоғамдық қауіпті құбылыстар мен аурулардың алдын-алу шараларын жоспарлау, білім алушылардың әлеуметтік-психологиялық жат қылықтарының алдын-алу
Психологиялық кеңес беру – білім беру мен оқытуды дамытуға өтініш білдірген ересектер мен балаларға көмек көрсету
Психологиялық түзету – жеке тұлғаны қалыптастыру үдерісінде қиындықтар, проблемалар, белсенді әсер етушілермен жұмыс
Психологиялық ағарту – психологиялық мәдениетті көтеру, психодиагностикалық сұранысты қалыптастыру және проблемалар туралы ақпарат беру.